+7 (7182) 34-89-93

Павлодар облыстық зағиптар кітапханасы өзіндік мақсат-мүдделерімен ерекшеленеді.

1969 жылы 12 қарашада ҚазССР Мәдениет Министрлігінің бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық Мәдениет басқармасының 1970 жылы 26 қаңтардағы №29-шы бұйрығы бойынша Павлодар қаласындағы №7-ші қалалық кітапхананың негізінде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана ашылды.

Кітапхананың директоры болып Сычевая Т.А. тағайындалды. Штат саны 3 адам: директор, кітапханашы және еден жуушы. Кітапханаға Оқу Өндірістік кәсіпорнының бір бөлмесі бөлінді. Кітапхана қорының негізі №7 кітапхананың кітаптары және Қазақ зағиптар қоғамының Оқу Өндірістік кәсіпорнының Қызыл бұрышынан берілген бедерлі нүктемен жазылған арнаулы кітаптар болды.

1972 жылдан бастап «дыбыстандырылған кітаптар» және оларды оқитын арнаулы магнитофондар түсе бастады.

Көз мүгедектерін кітапханалық қызметпен қамту үшін, олардың тұратын жерлеріне кітапты апарып беру, яғни кітапханадан тыс қызмет түрлері пайдаланыла бастады. Яғни, сырттан оқу және үйден оқу абонементтері жұмыс істей бастады.

1970 жылы Екібастұз қалалық зағиптар қоғамында бірінші кітапханалық пункт ашылды, 1973 жылы Ермак (қазіргі Ақсу ) қаласында ашылды.

Кітапхананы керекті жабдықтармен қамтамасыз ету, кітап қорын жинақтау, көз мүгедектерін кітап оқуға тарту үшін кәсіби мамандық, шыдамдылық, жігерлілік қажет болды.

1990 жылы желтоқсанда кітапхана 30 орындық оқу залы, Брайль жүйесімен жазылған кітаптарға арналған кітап қоймасы бар кең ғимаратқа көшті.

Осы жылдар аралығында кітапхананың кітап қоры көбейіп, жаңа бөлімдер ашылып, штаты өсті.

Қазіргі кезде кітапхана көз мүгедектерімен және басқа да санаттағы мүгедектермен жұмыс істейтін мәдени, әлеуметтік, бейімдеу, тифлоақпараттық орталыққа айналды.

Кітапхана жұмысының басым бағыты мүмкіндігі шектеулі адамдарға ақпарат алуға және оларға қоғамдық интеграция мен әлеуметтік бейімделу мүмкіндігін туғызу.

Арнайы кітапханада қарапайым көпшілік кітапхана ұсына алмайтын жағдайлар жасалған, дәлірек айтқанда, иіс сезу, есту, қалған көру қабілетін пайдалана алатын қызметтер кешені.

Кітапханада көз көру қабілетін емдемесе де, рухани емдей отыра маңызды істерді шешеді, пайдаланушыларға кітап қуанышын жеткізе отыра, оларды Қазақстан халықтарының интернационалды және мәдени дәстүрін, тарихын білуге үйретеді.

Біздің кітапхана - бұл әр түрлі басылымдағы ақпараттар тасымалдаушыларының қоймасы: бедерлі-нүктелі шрифтпен жазылған кітаптар, таспаға басылған дыбыстандырылған кітаптар, тегіс басылымды кітаптар, күйтабақтар және электронды басылымдар.

Кітап қорында әдеби кітаптар, естелікнамалар, фантастика, тарихи повестер, поэзия, әр түрлі білім саласындағы кітаптар бар. Жалпы кітап саны – 71000 дана.

Кітапхана жылына 30 аталым газет пен 90-нан аса аталым журналдар жаздырып алады.

Кітапхананы жылына 2600 адам пайдаланады. Олар көз мүгедектері, басқа да санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер, колледж және мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері.

Кітапханада қазіргі заман талабына сай тифлоақпараттық кешен жұмыс істейді. Оқырмандарға қызмет етудегі барлық мәселелер әкімшіліктің ұйғарымымен шешіледі.. Ол мамандармен қамтамасыз ету, керекті құрал-жабдықпен, қаражатпен қамтамасыз ету, кітапхана жұмысы туралы жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру және басқа да мәселелер директордың және бас бухгалтердің назарында.

1970 жылдан бастап өз пайдаланушыларына терең білім қорымен сусындататын, іздегендерге ізгілікпен бағыт көрсететін, мәдени шаралар, әлеуметтік оңалту, әрі демалыс отралығы болып келеді. Оқырмандар арасында әуесқойлық қызықтырушылық клубтары, әдеби-музыкалық қонақжайлар өте белгілі.

Облыс көлемінде көз мүгедектері үшін ақпараттық, білім алу және демалыс, оңалту орталығының бірі - біздің көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана, барлық аудан орталықтарында, Ақсу, Екібастұз қалаларында 14 кітапханалық пункіттер жұмыс істейді.

Көз мүгедектерінің   құқық ақпаратының қоғау кепілі бола отырып, біз зейнеткерлер мен басқа да санаттағы мүгедектерге кітапханалық қызмет көрсетеміз.

Кітапхана қызметін, оның мүмкіндігін насихаттауда көпшілік ақпарат құралдарымен (КАҚ) байланыс жасаймыз.

Мерзімді басылымдарда жазылған мақалалар, радио және теледидар, газет беттеріндегі тілшілердің алған репортаждары кітапхананың атын насихаттап, мәртебесін көтереді.

2009 жылдың ақпан айынан бастап кітапхана облыстық радиодан әрбір сенбі күні 15.30 да «Шамшырақ» хабарымен эфирге шығып жүр. Бұл бағдарлама барлық облыс көлеміндегі мүгедектерге кітапхана жаңалықтары туралы мағұлмат алуларына мүмкіндік береді.

Кітапхана Қазақ зағиптар қоғамының Облыстық Басқармасымен, мүгедектермен жұмыс істейтін мәдениет үйімен және Павлодар облысының әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Кітапхана жұмысы туралы кәсіпкерлік орталықтарда да белгілі. Олар ЖББ "Группа-Интер" - Рабков С.Ю., ЖББ кондитер цехы «МакДи» - Нажмиденова С.Б., Павлодар филиалы «Трэйд Фудмастер» ЖБ Компаниясы - - Гончаренко К.Г., ЖК «Нұрқай» – Нуркаев К., ЖК «Тройка» - Сафиулина С.Ш., ЖК кондитер цехы «Сэдо» - Закарян М.Ш. және басқалар. Олар іс-шаралар өткізуде қайырымдылық көмек жасайды.

Кітапхана қоғамдық мекемелерімен де, шығармашылық ұжымдарымен де, Облыстық Қызыл Ай қоғамымен де тығыз байланыста жұмыс істейді.

Онлайн кім

Қазір 214 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр