1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ұйымдық-құқықтық нысанында Павлодар облысының көзі көрмейтін және нашар азаматтарға кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету үшін құрылған, коммерциялық емес ұйым болып, заңды тұлға ретінде болып табылады.
1.2 Қазіргі заманғы технологияларды, телекоммуникацияларды, бүкіл әлемдік Интернет жүйесін пайдалану арқылы кітапханалық ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізу шектелмеген және тең қамтамасыз ете, кітапханалар мен кітапхана пунктеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету Павлодар облыстық арнайы кітапханасының мақсаты болып табылады. Кітапхана Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің нормативтік актілеріне, кітапхананың Жарғысына және бұл «Ережелерге» сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
1.3 Кітапхана қоры басылым құралдарының мынадай түрлері бойынша ұсынылған: бедерлі-нүктелі шрифті әдебиет, бедерлі-графикалық құралдар, тактильді кітап, таспа мен орамдағы дыбыстандырылған әдебиет, электрондық тасымалдаудағы әдебиет, облыс аумағында тұратын қазақ, орыс және ТМД халықтарының тілдерінде жарияланған әлеуметтік-экономикалық, ұлттық сипаттарына сәйкес білімнің барлық салалары бойынша жазық мәтінді әдебиет. Кітапхана қоры барлық құжаттарды қағаз, аудио және басқа да тасымалдаудағы түрлерін қамтиды. Қажетті құжаттарды табуға көмектесу үшін картотекалардан құралған, дәстүрлі карточкалы каталогтардан және картотекадан, екі шрифте дайындалған: бедерлі-нүктелі және жалпақ баспадан тұратын анықтамалық-іздеу құрылғысы ұйымдастырылған.
1.4 Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасымен адамдар тегін пайдалана алады: Павлодар облысының барлық көз мүгедектері, олардың отбасы мүшелері, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары, мамандандырылған балабақшаның оқушылары, ҚСҚ ОӨК барлық жұмыскерлері, басқа да санаттардағы мүгедектер мен зейнеткерлер үшін, сондай-ақ көретін пайдаланушылар. Кітапхана назарға олардың физикалық, психологиялық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың көру қабілеті нашар, сондай-ақ басқа да санатты азаматтарға ақпаратқа тең және еркін қол жеткізу үшін жағдайлар, жайлы кедергісіз ақпараттық орта жасайды.
1.5 Кітапхана пайдаланушыларына демалыс, мереке және санитарлық күндерді қоспағанда кестеге сәйкес аптасына 6 күн қызмет етеді.
2 КІТАПХАНАҒА ЖАЗЫЛУ ТӘРТІБІ
2.1 Кітапханаға жазылу жеке куәлiгiн көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады. Сонымен қатар, көз мүгедектері ҚСҚ мүшелік картасын немесе мүгедектігін растайтын құжат қолданады.
Кітапханаға жазған кезде оқырман формулярына тіркеу үшін талап етілетін ақпарат хабарланады. Кәмелетке толмаған азаматтар ата-аналарының немесе заңды түрде балаларды білдіретін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасына жазылады.
2.2 Пайдаланушының кітапханаға жазылуы кезінде кітапхананы пайдалану ережелерімен танысып және формулярға жүзеге асыру үшін ұстанатындығын қолтаңбаны қою арқылы растайды. Көзі көрмейтін пайдаланушыны кітапхананы пайдалану ережелерімен кітапхана қызметкері таныстырып және формулярда олар үшін жазуды орындайтының мәлімдейді.
2.3 Оқырман мен кітап формулярлары құжат болып табылады, пайдаланушыға басылымдар мен материалдарды кітапхана қорынан беру фактісінің күнін және олардың қайтару мерзімін куәландыратын құжат.
2.4 Көзі нашар көретін резидент емес және шетел азаматтары, көз мүгедектері және кәсіби түрде мүгедектер мәселесімен және мүгедектікпен айналысатын адамдарға тек оқу залында қызмет көрсетіледі.
2.5 Жыл сайын пайдаланушылардың қайта тіркелуі өтеді.
3 КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1 Көзі көрмейтін кітапхананың пайдаланушылары тегін алуға құқығы бар:
– белгілі бір мерзімге Кітапхана қорынан Басылымдар мен басқа да құжаттарды;
– кітапхана жұмысы туралы толық ақпаратты, каталогтар мен картотека жүйесі арқылы қордың барлық құрамы туралы және кітапхананың ақпараттандырудың басқа да нысандарының жұмысы туралы толық ақпаратты;
– ақпарат көздерін іздеу және іріктеу бойынша кеңестік қызметтерді;
– библиографиялық анықтама, басқа да библиографиялық және кітапхана қызметкерлерінен кеңес алуға;
– кез-келген бұқаралық ақпарат құралдары туралы әдебиет таңдауда кеңес алуға, сондай-ақ аудио жабдығын пайдалану туралы кеңестер (магнитофондар, ойнатқыштар), электрондық жабдықтар туралы, кітапхана да бар қосалқы тифло-техникалық құралдарды.
3.2 Павлодар облыстық арнайы кітапхананың барлық қызметтері көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға тегін.
3.3 Кітапхана пайдаланушылары құқылы:
– кітапхананың ұйымдастыруымен өтетін барлық іс-шараларға қатысуға;
– кітапхананың түрлі кеңестерінің (қамқоршылар, оқырмандар), өзге де қоғамдық бірлестіктердің құрамына енуге;
– кітапхана жұмысы туралы өз пікірлерін ауызша немесе жазбаша түрде білдіруге, оның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар жасауға.
3.4 Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының пайдаланушылары міндетті:
– кітапхананың қолдану Ережесін сақтау, көпшілік мақұлдаған қоғамдық тәртіптік ережесін, басқа да пайдаланушылар мен кітапхана қызметкерлерінің құқықтары мен жұмысын бағалау; Павлодар облыстық көзі көрмейтін және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың мүлкiне ұқыпты қарауға. Ережені бұзған және кітапханаға еріксіз немесе қасақана залал келтiрген Пайдаланушылар, кітапхана әкімшілігі белгілеген нысан бойынша және мөлшерде оны өтеуге;
– уақтылы құжаттарды қайтару;
– кітапхана қорының жалпақбасылым құжаттарына залал немесе зиян келеген жағдайда баламалы(жоғалған атауларының даналарын қоса алғанда) немесе кітапханақызметкерлерімен танылған құжатқа тиісінше оларды ауыстыру. Ауыстыра алмаса, онда – берілген уақытта жоғалған құжаттың нарықтық құнын есептеп құнын өтеуге;
– жоғалту, зақымдану немесе Брайль жарияланымдарынажөнделмейтін зиян келгенжағдайда,оларды баламалы жарияланымдарыға ауыстыру қажетті, ауыстырға ешқандай мүмкіндігі жоқ жағдайда – олардың нақты құнынан 10 есе артық мөлшерде өтеуге;
– кітап жазылған таспаның бүлінген немесе жоғалған жағдайында Кітапханға Кітап жазылған таспалардың сол типініңтиісті санының қайтаруға немесе олардың нақты құнын өтеуге;
– электрондық құрал-жабдықтарда немесе берілген аудио материалдарда ақау табылған кемшіліктер туралы кітапханашыны хабардар етуге; ақаулықтарда өз бетінше жою тыйым салынады.
– пайдалану Ережесін бұзғаны үшін оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы қолдану құқығынан айырылуы мүмкiн.
– осы ережені бұзғаны туралы жеке оқырмандардың материалдарын қарауға ЖШС ОӨК-ның еңбек ұжымына, ҚСҚ-ның қоғамдық ұйымына, оқу орны немесе тұрғылықты жері бойыша берілуі мүмкін.
– «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» КМУ-дың қорына зиян келтіргені үшін адамдар материалдық, қылмыстық немесе өзге де жауапкершілікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тартылады.
4 КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰРЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
4.1 Абонементті пайдалану ережесі
4.1.1 Абонемент – құрылымдық бөлімшесі, белгілі бір кезеңге белгілі бір жағдайларда құжаттарды беруге және кітапханадан тыс оларды пайдалану үшін жүзеге асыратын бөлімшесі.
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған Павлодар облыстық арнайы кітапханасында бар:
– Көзі көрмейтін және нашар көретін пайдаланушылар үшін фонотека;
– Бұқаралық пайдалану үшін абонемент;
– Соқыр көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін үй абонементі;
– Павлодар және Павлодар облысының көзі көрмейтін және нашар көретін пайдаланушылар үшін сырттай абонемент.
4.1.2 Бұқаралық ақпарат құралдарының бес түрінен астам атаулары абонемент пайдаланушысына 30 күнге дейін үйіне беріледі. Басқа оқырмандардан сұраныс болмаған жағдайда құжаттағы тапсыру мерзімі ұзартылуы мүмкін. Сұраныстағы басылымдарға пайдалану мерзімдерін қысқарту кітапхананың құқығында.Формулярға әрбір алынған басылымүшін пайдаланушылар (көз мүгедектерін қоспағанда) қол қою қажет.
4.1.3 Сырттай абонементтің пайдаланушыларына жаңғырған басылымдар («сөйлейтін» кітаптар және электрондық тасығыштардағы құжаттар, бедерлі-нүктелі шрифті әдебиет, тактильді кітабы, бедерлі-графикалық оқу құралдары) жіберуге кеткен уақытты есептемегенде, 30 тәуліктің ішінде жіберіледі. Құжаттарды жіберу және оларды көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған Павлодар облыстық арнайы кітапханасына қайтару тегін орындалады.
4.1.4 Үй абонементі құрылымдық бөлімшесі көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін қызметін ұсынады: Павлодар қаласында тұратын, әр түрлі себептер бойынша кітапханаға өздері келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі және көз мүгедегтігі бар оқырмандарға, тапсырысты алдын-ала телефон арқылы берілген жағдайда, жаңғыртылған басылымдарды автокөлікпен үйге жеткізу;
4.2 Оқу залын пайдалану Ережесі
4.2.1 Оқу залы – көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған Павлодар облыстық арнайы кітапхананың құрылымдық бөлімшесі, кітапхананың аумағында басылымдарда пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тұтас көзі көрмейтін оқырмандар үшін әдебиеттер келісім бойынша үйге беріледі.
4.2.2 Оқу залында пайдалануға берілген баспалар мен басқада басылымдардың саны шектеусіз.
4.2.3 Үйге сирек және құнды материалдар, бір даналы анықтамалар берілмейді.
4.2.4 Көзі көрмейтін және нашар көретін пайдаланушылар кәсіби жалпақ басылымдар мен оқу әдебиеттерін оқуға мұқтаж болған жағдайда, кітапхананың оқырман залында аптасына 3 сағат оқырман-кітапханашының (кітапхананың мүмкіндіктеріне байланысты) көмегіне жүгінуге құқылы.
4.2.5 Кітапхананың тифлоорталығында мәтінмен өздігімен жұмыс істеуге көз мүгедектігі бар пайдаланушыларға тифлотехникалық жабдықтар мен электрондық құралдар беріледі.
5 КІТАПХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
5.1 Кітапхана міндетті:
– көз мүгедектернің ақпаратқа еркін және тең қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
– пайдаланушыларға ең қолайлы жұмыс тәртібін құру;
– уақыт талаптары мен пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін ескере отырып, қазіргі деңгейде кітапханалық, ақпараттық, библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
– қажетті тифло-техникалық құралдар мен қазіргі заманғы технологияларға бейімделуді қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын ұйымдастыру;
– ғылыми ақпаратты қоспағанда, пайдаланушыға басқа мақсатта ақпаратты қолдануға мүмкіндік бермеу;
– кітапхана қорын сатып алуға, есепке алу, сақтау мен пайдалануды жүзеге асыру;
– берілген басылымдардың қітапханаға уақтылы қайтарылуын бақылау;
– клубтар, үйірмелер, білім орталықтары, қызығушылық арттыратын түрлі бірлестіктер құру, әлеуметтік-мәдени бейімделу арқылы көпшілік және жеке жұмыстар ұйымдастыру, қоғамға мүгедектерді әлеуметтік оңалту және интеграциялау.
5.2 Кітапхана құқылы:
– «Кітапхананы пайдалану Ережесін» Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің келісімі бойынша бекітуге;
– пайдаланушыдан туындаған моральдық және материалдық залал мен зиянның өтемақысын анықтауға,жалпы оқырмандарға толықтырылған ақылы қызметтердің тізімін анықтауға.
5.3 Кітапхананың жұмыс тәртібі көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған Павлодар облыстық арнайы кітапхананың әкімшілігімен анықталады және Павлодар облысы Мәдениет басқармасы мен кітапхананың басшысының келісімі бойынша бекітіледі.