Нүктелі-бедерлі шрифтпен жазылған кітаптар шығаратын типография 1961 жылдың 4 сәуірінде № 206 Қазақ ССР Министрлігінің Кеңесі Брайль жүйесі бойынша қазақ алфавиті жайлы шешімінде: «Разрешить президиуму Центрального правления казахского обшества слепых (КОС) открыть в 1961 году типографию для издания учебников и другой печатной литературы для слепых по системе Брайля», - деп жазған.
Сол қазақша алфавитінің авторлары А.Қ. Қасымов пен С.Х. Өтегенов болып табылады.
Осыған дейін нүктелі-бедерлі шрифтімен жазылған кітаптар біздің мемлекетімізде шығарылмаған еді.
1963 жылы көз мүгедектеріне арналған 6 томдық «Батырлар жыры» атты бірінші кітап жарық көрді. Жыл сайын осындай кітаптардың саны көбейе бастады. Іліяс Есенберлин, Әбдіжамал Нұрпеисов тағы да басқа авторлардың кітаптары шығарылды. 4 жылдың ішінде 29 кітап шығарылды.
Өкінішке орай, экономикалық өзгерістерге байланысты, бізде осындай кішкентай даналы кітаптарды шығаруды қойды. Оқырмандардың саны көбеюіне қарамастан, нүктелі-бедерлі шрифтімен жазылған кітаптардың керектігіне қарамай, Қазақ соқырлар қоғамы өз жұмысын бұрды. Оқып, білім алам деген мүгедектерге өте қиын болды.
Қазақша нүктелі-бедерлі шрифтің авторы туралы толығырақ айтсақ деймін.
Біздің жерлесіміз Ақан Қасымұлы Қасымов қазақ тілінде шығарған нүктелі-бедерлі кітаптармен оқырмандар әлі де пайдаланады.
Ақан Қасымұлы Қасымов 1928 жылы наурыз айының 23-інде Павлодар облысының Ермак ауылында (қазіргі Қанаш Камзиннің атындағы совхоз) туған. Жанұясында 3 сіңлісі (Мафруза, Сания және Рабиға) және үлкен ағасы Қапар болды. Сегіз жасында көз жанарынан айырылды. 1938-1949 жылдар аралығында № 4 зағип және нашар көретін балаларға Н. Островский атындағы мектеп-интернатында білім алды. Үлкен ағасы соғыста жоғалды. Апалары осы Павлодар ауданында тұрды.
1954 жылы Ақан Қасымов С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітірді. Ақан университет ойдағыдай аяқтағаннан кейін, өзі бітірген мектебіне 1954-1970 жылдары бастауыш сыныптарында ұстаз болып қызмет атқарды.
Морозова Валентина Қазақ ұлттық университетте оқып жүріп, не бір талантты өнерпаздармен танысты. Солардың бірі Әбілахат Еспаев еді. Ол кезде Әбілахат өнер сүйгіш қауымға әндері халық арасында кең тарап, радиодан шырқалып, сахна төрінде әндері орындалып жүрген кезі болатын. Осындай өнер адаммен жақын араласып, әуен жайында сыр толғау, оны жеке дара қалдыра алмады. Шығармашылық ізденіске кірісті. Сөйтіп өмірге Акан жүрегін жарып шыққан алғашқы ән келді. Ондағы қуанышын, көңіл сарайы, әуезді әнмен күмбірлеп Ақан шын бақытқа кеңелген. Ақын Нутфолла Шакеновтың «Табамын сені», «Көктем» деген өлеңіне әндер жазды.
Морозова Валентина Николаевна деген, өзімен бірге оқыған қызға үйленді. Валентина Николаевна да Н.Островский атындағы мектеп-интернатта көзі қабылеті нашар балаларға орыс пәнінен сабақ берді. Үш балалары бар: Сергей, Аскар және Ирина.
ХХ ғасырда өмір сүрген француз тифлопедагогы Луи Брайль алты белгіден тұратын зағиптарша жазудың алғашқы әріптерін шығарған болса, Ақан 1960-шы жылы оны дамытып қазақша Брайльша әріп жазудың авторы атанды. Ақан мектеп қабырғасында оқып жүргеннің өзінде классикалық музыка шығармашылығын тыңдауға құмар болды. Әсіресе оны Чайковскийдің «Ақку көлі», «Ұйқыдағы ару» балеттеріндегі вальстер. Вальс королі атанған Шопеннің, Бетховеннің, Моцарттың шығармаларына тәңірдей табынып оларды өзіне пір тұтты.
Бұл күнде Ақан Қасымов елуге тарта ән әуендердің авторы.
70-жылдардан бастап Ақан Қасымов Қазақ Соқырлар Қоғамының экономиқалақ және өндірістік дамуына белсене ат салысты. 1-ші, 3-ші оқу-өңдірістік кәсіпорындарында Қазақ Соқырлар Қоғамы Орталық Басқармасының баспаханасында т.б. орындарда жетекшілік қызмет атқарды.
1961 жылы Қазақ СССР Министрлерінің Кеңесі қазақ алфавиттің Брайль жүйесі бойынша (нүктелі-бедерлі шрифтті) бекітті. Ол алфавиттің авторлары А.Қ. Қасымов пен С.Х. Өтегенов болып табылды.
А. Қасымов 1966 жылдан КПСС мүшесі. А. Қасымов «Еңбек таны» журналы үйымдастырған музықалық конкурстарға бірнеше рет қатысып жүлделі орындарға ие болды. Әуесқой композитордың кәзір 50-ден астам әндері мен аспаптық шығармалары бар. Олардың 30-дан астамы Қазақ радиосының алтын қорында сақталған, эстрадалық-симфониялық оркестрі орындап жүр. Ақан Қасымовты кеңінен насихаттап жүрген Қазақ радиосы мен телевизиясының танымал әншілері Зейнеп Қойшыбаева, Люция Төлешова, Ескендір Хасанғалиевтар әр кезде ол кісінің шығармашылығынан көптеген әндерін орындап жүр.Оның ең алғашқы эстрада симфониялық оркестрге арнап жазған «Ертіс толқыны» деп аталатын шығармасы шоқтығы биік ерекше шықты.
Ақан Қасымов тынайған жерлерді игерудегі жастардың жалынды істерін , ерен еңбегін паш етуден туған әсерлі әндері көп ақ. Олар «Жастар», «Еңбек туралы», «Біздің жыр», «Қазақстан елім», «Тың игерушілер» болып жалғасып жатады.
А.Касымов – «Еңбек таңы» журналының алғашқы санынан бастап оның редколлегия мүшесі болып келеді. А.Қасымов «Құрмет Белгісі» орденімен және көптеген грамоталармен марапатталған. Ақан Қасымов өзінің «Бақанас таңы» деген шығармасын былай деп еске алады. «...Жаз айларында, демалыс күндері достармен бірігіп, Іле өзеніне барып, балық аулап, сұға шомылып, көңілді сергітіп, қызықты демалыс өткеріп жүрдік. Бір күні кезенді суреттейтін бір әуен ойыма келіп, күні-түні ой мазалап жүрді, бір кездері бір досымнан: «Осы қазір қай уақыт?», - деп сұрадым. «Ақа, таң арайлап атып келе жатыр»,- деді. «Ойымды өрбіттім, баян аспабына бірнеше рет, кейін нотаға түсірген едім», - дейді.
Ақан Қасымов оқу-өндірістік мекемеде жұмыс істейтін, өмір бойы қарапайым жұмыскерлердің ігілігі үшін терін төккен. Кезінде талай жақсылықтар жасалынды. Оның жұмысты басқару кезінде жұмыскерлеріне бір-неше көп-қабатты үйлер салынған.
Ақан Қасымов әрдайым жас мамандарды тәрбиелеп қамқорлыққа алып, оларды әрдайым тәлімгер ретінде қолдап отырады. Ақанның жұмыс тәжірибесінен үйреніп, оны өнегелі үлгі еткен ондаған шәкірттері Республикалық Зағиптар Қоғамы саласында абыройлы еңбек етіп жүр.
Ақан Қасымовтың әндерімен әуендеріне құлақ түрсең, онда өмірге деген құштарлық және де басқада ыстық сезімдерге батасың. Бүгіннің өзінде Ақан Қасымов Қазақстандағы ең танымалы композиторлардың бірі болып танылады.
Ол кісі дүниеден өтсе де оның еңбектері тірі. Өйткені, оның әндері мен әуендері жүректерде мәңгілік сақталып, ерекше орын алған. Ол ерекше дара тұлға болды.
Ақан Қасымов 2001 жылы 4 қазанда Алматы қаласында дүниеден өтті.