Балалар — біздің болашағымыз. Олардың күлкісі мен қуанышы — біз үшін ең үлкен марапат. Зағип оқырмандардың балаларының және №82 арнайы балабақша тәрбиеленушілерінің жарқын күлкісі мен қуаныштары үшін аниматорлар:
"Мозаика Праздник" "ART - XAOC" агенттігіне және балаларды тамаша көңіл-күймен қарсы алуға өз үлесін қосқан "COSPLAY" студиясына, балалардың әдемі жарқын бейнеде фото суретке түсулері үшін фотозона ұйымдастырған "Дастиш Фантастиш" мерекелік агенттігіне арнайы кітапхана атынан алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, бүлдіршіндерді тәтті сыйлықтармен қуантқан біздің демеушілеріміз "Дюсембаев" ЖК және "Belacassa" ЖК басшыларына алғыс білдіре отыра еңбектеріне табыс тілейміз! Барша кішкентай қатысушылар мен ата-аналарға белсенділік пен жақсы көңіл-күй үшін үлкен рақмет!
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/1-mausym-khaly-araly-balalardy-or-au-k-ni.html#sigProIdae64d7dbcd