+7 (7182) 65-01-29

24 қараша күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Облыстық арнайы кітапхана №26 орта мектептің 7–8 сынып оқушыларына арнап, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Шығармашылық жол» атты әдеби-танымдық сағат өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі және шығармаларының көркемдік әлемі туралы мол мағлұмат алды.

Әсіресе, акция аясында таңдалған «Тағдыр» романына ерекше назар аударылды. Шығарманың басты кейіпкері Демежанның тағдыры арқылы оқушылар XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Шығыс Түркістан қазақтарының екі империяның ортасында қалып, тарихи бөлініске ұшыраған қайғылы кезеңін талқылады. Сонымен қатар туған жерге деген сүйіспеншілік, тарихи жады және ұлттық құндылықтарды сақтау тақырыптары кеңінен қозғалды.

Кездесу барысында оқушылардың жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тексеру мақсатында «Жазушы және оның шығармалары туралы не білеміз?» атты танымдық ойын-викторина ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында оқушыларға кітап көрмесіне шолу жасалып, онда әртүрлі қолжетімді форматтарда ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы таныстырылды.

Әдеби-танымдық сағат оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттырып, тарихи танымын кеңейтуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге ықпал етті.

Онлайн кім

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр