Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туылған күніне орай, 10-шы тамыз күні Ақтөбе қалалық облыстық арнайы кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Поэзия-властитель языка» деп аталатын онлайн музыкалық-әдеби кездесуге 6 облыстық арнайы кітапхана белсенділік танытты.
Павлодар қаласының облыстық арнайы кітапханасының атынан абайтанушы, Ертіс-Баян өңірінің танымал жыршысы Әсенов Даниял Сабырұлының орындауды Абайдың «Қалың елім қазағым қайран жұрттым» деп аталатын өлеңі мен ақынның 23 қара сөзі мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар кітапханамыздың тұрақты оқырманы 1-ші топ көз мүгедегі Адамжанова Гулнар Тоқтасынқызы акапелла түрінде Абайдың аудармасынан «Тантьянаның хаты» атты өлеңін орындаса, ал екінші біздің тұрақты оқырманымыз 1-ші топ көз мүгедегі Кызынгашева Лилия Виниаминовнаның баян аспабының сүйемелдеуімен ақынның «Көзімнің қарасы» атты өлеңін орындады.
Осы іс-шараға байланысты кітапханамыздың төрінде Абай Құнанабаевтың кітаптарынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/10-tamyz-abaj-k-ni.html#sigProIda42d5a791d