14 наурызда Жастар бастамаларын дамыту орталығына Павлодар қаласының студенттері ерекше дарынды адамдардың керемет таланттарын көру үшін «Зағиптар әлеміне көз салайық!» акциясына жиналды.
Көру қабілеті нашар балаларға арналған №82 балабақшаның кішкентай бүлдіршіндерінің ән салуы ерекше қызығушылық тудырды.
«Позитив», «Радуга», «Саулем-ай» ансамбльдерінің шығармашылық орындауларын кошеметпен қарсы алды.
Сахна төрінен орын алған акцияның қатысушыларына (әншілерге, ансамбльдерге, ақындарға) келгенде, аудитория орнынан тұрып, ерекше шығармашылық топқа ұзақ уақыт бойы шапалақ сыйлады.
Акцияны Арнайы кітапхана Жастар бастамаларын дамыту орталығымен бірлесіп өткізді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/14-03-2019.html#sigProIdf883190ad5