+7 (7182) 34-89-93

11 қараша күні облыстық арнайы кітапханасында 19 округтің сайлаушыларына «Ақ таяқ» күніне арналған іс шара өткізілді. Облыстық маслихаттың 19 округінің депутаты «Нұр Отан» партиясының атынан өз сайлаушыларына азық - түлікпен құрамдас сыйлықтарын тарту етті.

«Нұр Отан» партиясының атынан «Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров» жобаның кураторы Нұрханова Гүлмира Габдулхамитқызы барлықтарын мерекемен құттықтап және жоба аясындағы өз жұмысы жайлы сөз қозғады.

Алматы қаласынан келген зағип жандардан құралған «Армандастар» ансамблі өздерінің ән шашуларымен баршаларын қуантты. Гитара, баян және домбыра сияқты үш аспаптың қосылуымен әдемі ән шырқап, көңіл көтерді.

П.Чайковский атындағы Павлодар музыкалық колледжінің студенттері Лодочников Алексей «Балқадиша» және «Дуэт» Хамитова Азалия мен Исаханова Айгерімнің «Нарисовать мечту» және де Тусупбаева Ұлпанның «Жан ана» деген өлеңдерімен келген қонақтарымыздың көңілін бір көтерді. Іс шара жылы және жарқын көңіл күймен мерекеге арнайы жайылған дастархан басында өткізілді.

Онлайн кім

Қазір 128 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр