+7 (7182) 34-89-93

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы Астананың 20 жылдығы тақырыбында «НЕ? ҚАШАН? ҚАЙДА?» атты интелектуалды-танымдық онлайн-ойынын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесінің қарсанында өткізді. (Астана қаласының арнайы кітапханасымен)

Ойынның басында «Мақтанышым менің – Қазақстаным!» атты патриоттық сағаты мен «ЭКСПО қорытындысы» атты шолу өткізілді.

Павлодардың «Білгірлер» командасының құрамында Тимирова Ж., Ибраева Б., Алидуллина Н., Удякина Н., Неустроев И., Болотова С. құрады. Ойын барысында музыкалық үзілістер болды. Кітапхана оқырманы және зағип ақын Неустроев Игорь «Слепое братство» атты өзінің өленің оқыды.

Киіз үй түрінде жасалған кітап инсталяциясы мен Тәуелсіздікке арналған кітап көрмесі іс-шараның ажырамас бөлігі болды. Ойынның белсенді қатысушылары Темирова Ж., Ибраева Б. және Алидуллинаға Н. алғыс хаттар табысталды.

Кітапхананың оқырмандары келешекте осындай онлайн-кездесулер жиі өткізуге тілек білдірді. Іс шара соңында кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары «Атамекен» әнін тарту етті.

Онлайн кім

Қазір 117 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр