+7 (7182) 34-89-93

14 қараша күні арнайы кітапхана Жастар орталығында  Халықаралық Ақ таяқ күніне арналған мерекелік концертін өткізді. Мерекелік шараға «Музыкалық колледж – музыкалық мектеп-дарынды балаларға арналған интернат» ММ студенттері мен оқушылары, Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері, Павлодар қаласы «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ оқушылары, С.Торайғыров атындағы ПМУ «Орындаушылық өнер» кафедрасының студенттері қатысты.

Ақ таяқ - бұл өзіндік белгісі бар, шектеулі адамдардың бар екендігі туралы қоғамға еске түсіретін, оларға деген көмек және ынтымақтастық мүмкіндіктері.