Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнының тігін цехының қызметкерлеріне облыстық арнайы кітапханасы "1949-1990 жылдардағы Семей полигонының құрбандарын еске алу күні" тақырыбында ақпарат сағатын ұйымдастырды. Семей ядролық полигонының тарихынан 1947 жылдың тамызында КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен "№2 оқу полигоны" шартты атауын алған атом полигонын құру туралы шешім қабылданғаны белгілі. Семей полигонында ядролық қаруды алғашқы сынау 1949 жылы 29 тамызда жүргізілді.
1989 жылы 26 ақпанда тікелей телевизиялық баяндамасында көрнекті қазақ жазушысы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтату қажеттігі туралы мәлімдеме жасады. 28 ақпанда Алматыдағы Жазушылар одағы ғимаратының жанындағы митингте 1989 жылы сәуірде тіркелген "Невада-Семей" антиядролық қозғалысын құру туралы шешім қабылданды.
1990 жылы 22 мамырда Республиканың Жоғарғы Кеңесі Семей полигонын жабу туралы қаулы қабылдады.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/1949-1990-zhyldarda-y-semej-poligony-rbandaryn-eske-alu-k-ni-a-parat-sa-aty.html#sigProId9998c32c8d