+7 (7182) 34-89-93

Зағип жанды қолөнершілердің дарындылығына көңіл аудару мақсатында «Альтернатива» МҚБ  (төрағасы С.Амиров) демеушілік қолдауымен, «Кітапханалық жиынтық» атты  іс-шара өтті. «Макраме» үйірмесінің қатысушыларымен қатар, оқырмандар арасынан да өз қолымен жасалған жұмыстарын сайысқа салып, белсенділер өнерлерін көрмеде паш етті. Қолөнершілерге арналған өлеңдер оқылып, жылы лебіздері әнмен жалғастырды.