+7 (7182) 34-89-93

2017 жылдың 23 ақпанындаоблыстық арнайы кітапхана қабырғасында  «Ой Маслена – красота! Открывай-ка ворота!»  атты мерекелік іс-шарасын өткізді.  Мерекелік шараға Ақсу қаласының  «Криницы»  Украин вокалдық  ансамблі, «Союз казаков степного края» облыстық филиалының «Воля» казаки әндері халықтық ансамблі, «Славяне»  Павлодар облыстық  ұлттық-мәдени орталығының  «Лазари»  вокалдық тобы қатысып, «Масленица» халықтық мерекесін кеңінен атап өтті. Шара барысында «Славян» этно-мәдени бірлестігінің шығармашылық құрамы мереке қатысушыларын халықтық әзіл әндерімен қуантты.

Масленица – құймақтардың және басқа да орыс халқының дәмдері мерекесі болғандықтан, мереке қонақтарына құймақтар, тоқаштар  ұсынылды. Шарада түрлі ойын сайыстары, частушка сайыстары мен ән шырқалды. Мереке барысында халық әуендері ойнап тұрды.