+7 (7182) 34-89-93

24 қазан күні  Ақсу қаласының әкімшілігінің, «Нұр Отан» ХДП, «Альтернатива» МҚБ, «Ана тілі» Облыстық орталығының қолдауымен, Астана қаласының 20-жылдығына, Павлодар облысының 80-жылдығына және Республика Күніне арнап облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының оқырмандары Ақсу қаласында  «ЗАҒИПТАР ӘЛЕМІНЕ КӨЗ САЛАЙЫҚ» атты  шығу акциясын өткізді.

«САУЛЕМ-АЙ» ансамблі (жетекшісі Т.Армиянов) пен «РАДУГА» ансамблі (жетекшісі Д.Козлов) өнерлерін көрсетті.

Жеке орындауда және  инструменталды номерлер болды (гитара, домбыра, баян). Зағипа  ақындарды тыңдармандар өте жылы қарсы алды.

Сондай-ақ, акция барысында «Ертіс өңірінің зағип ақындарының өлеңдері» атты кітап көрмесі және «Саусақ  ұшындағы әлем» «Макраме» өнімдері көрмесі ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты орындалды: Мүгедектерді өзінің қиыншылықтарымен жалғыз қалдырмау. Мүгедектер шығармашылығын дамыту және насихаттау.

Онлайн кім

Қазір 110 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр