Конституция күніне орай «Жас Ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Өз құқығыңды біл, міндеттеріңді ұмытпа!» ақпараттық сағаты өтті.
Кітапханашылар Қазақстан Конституциясының тарихы туралы әңгімелесіп, викторина өткізді, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы бейнбаян көрсетілді. Іс-шараға «Еркіндіктің асқақ шыңы - Ата Заң» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.