Павлодар облысы қарттар мен жалпы мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттарына опера әншісі,
педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006), Қазақстанның халық әртісі (2023) Шахимардан Қайдарұлы Әбілевтың 75 жасқа толуына орай «Шахимардан достарын шақырады» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның балет және опера әртісінің өмірбаянымен сондай-ақ шығармашылық жолымен танысты. Оқырмандарға балет және опера әншісі Әбілев Қайдарұлы Шахимарданның орындауындағы әндерден бейнебаян ұсынылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/a-parat-sa-at-shakhimardan-dostaryn-sha-yrady.html#sigProIdc94f23f5e9