Бүгін Қазақстан Республикасының «Конституция күні» мемлекеттік мерекесіне орай облыстық арнайы кітапхана оқырмандарға арналған «Азат елдің ар-намысы-Ата Заң» атты ақпараттық сағаты ұйымдастырды.
Шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды. Іс-шара қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясы күнінің шығу тарихы туралы ақпарат берілді. Келесі кезекте «Сәулем-ай» ансамблі Қазақстан туралы «Жаса Қазақстан», «Туған жер», «Қазақ елі» және «Радуга» хоры «Есть такая земля» и «Песня о Павлодаре» әндерін орындады. Шара соңында «Ұлы тұтар-Ұлы Заң» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Құжатқа сәйкес Қазақстан президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланып, 30 тамыз мереке күні болып танылды.
Қазақстан Конституциясы – мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздерін айқындайтын Қазақстан Республикасының ең жоғары нормативтік құқықтық актісі.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/a-parat-sa-aty-azat-eldi-ar-namysy-ata-za.html#sigProId578a75122a