Облыстық арнайы кітапханасында жұма сайын «Жұма жаңалықтары» ақпарат сағаттары өткізіледі.
Осы жұмада, яғни 21 сәуір күнгі ақпарат сағаты Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналды.
Ақпарат сағатының қатысушыларын мақаламен таныстырып, мақаланың бөлімдерімен түсіндіру жұмыстарын өткіздік:
- Ұлттық сана туралы;
- Бәсекелік қабілет;
- Прагматизм;
- Ұлттық бірегейлікті сақтау;
- Білімнің салтанат құруы;
- Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
- Сананың ашықтығы.
Сонымен қатар, алдағы уақытқа қойылған жоспармен таныстық. Әсіресе «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтар» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары қызықтырды.
Біздің Президентіміз Н.Назарбаев «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің тендессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр» деген пікірі мен қорытындысына біз ортақпыз.