+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапханада «Жұлдыз» журналына 95 жыл толуына орай, кітапхана қызметкерлеріне арнап ақпарат сағаты өткізілді. Бұл ақпарат сағатында «Жұлдыз» журналының шығу тарихы мен басылымдары жөнінде кітапханашы Джамиля Ақанқызы тың ақпарат пен бөлісті.

«Жұлдыз» - Қазақстан Жазушылар одағының әдеби-әлеуметтік журналы. «Шолпан», «Таң» журналдарының ізбасары саналады. Алғашқы саны 1928 жылы жарық көрді, яғни 2023 жылы өзінің атына лайық, тағылымға толы тарихы бар журналға 95-жыл толып отыр.

Журналдың алғашқы редакторы Сәкен Сейфуллин болған. Басылым материалдарының рухани бағыты мен мазмұндық мәнінің кеңеюіне қазақ әдебиетінің классиктері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов көп еңбек сіңірген.

Ал қазіргі таңдағы «Жұлдыз» журналы мазмұндық жағынан ғана емес, сапалық, тақырыптық, жаңаша дизайнымен ерекшеленіп, рухани жаңарып, толыға түсті. Өзінің оқырман тартар әр түрлі айдарларына ай сайын мазмұнды мақалалар мен шұрайлы көркем туындыларды жариялап тұрады.

Осы тұрғыда жұрналда шығарылған көркем туынды Ә.Кекілбаевтың Бопай ханым мен Әбілхайыр ханның арасындағы махаббат сезіммен екі ғашық жанның билік пен өмір жолында қолдау көрсеткені жөнінде поэмадан үзіндіні, кітапханашы Айнұр Мейрамбеккызы мәнерлеп оқыды

Онлайн кім

Қазір 82 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр