+7 (7182) 34-89-93

Биыл «Простор» журналының шыққанына 90 жыл. Осыған орай облыстық арнайы кітапхана қабырғасында оқырмандарға арналған ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

Шараға қатысушылар ең көне 1933 жылдан бастап орыс тілінде шығып келе жатқан .«Простор» әдеби-көркем журналдың тарихымен танысты. Журналдың тақырыбы: өлеңдер мен проза. Қазақстан Жазушылар одағының баспа органы. «Простордың» ізашарлары «Қазақстан» жинағы (1933), «Советская литература Казахстана» (1934), «Литературный Казахстан» (1935-1939) және «Литература и искусство Казахстана» (1939-1941) журналдары болды. «Қазақстан» альманахы (1946), «Советтік Қазақстан» журналы (1953-1959). 1960 – 1970 жылдардың басында журнал КСРО-да кеңінен танымал болды. Ол кезде журналды көрнекті жазушы И.Шухов (1906-1977) басқарды.

Ол көптеген дарынды прозашыларды, публицистерді, ақындарды (В. Петров, Ю. Герт, Н. Ровенский, Г. Черноголовина, И. Щеголихин, М. Симашко, т.б.) журналмен ынтымақтастыққа тарта білді. Простор беттерінде алғаш рет А.Ахматованың, М.Цветаеваның, О.Мандельштамның өлеңдері, Булгаковтану туралы алғашқы материалдар жарияланды.

Онлайн кім

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр