+7 (7182) 34-89-93

Халықаралық мүгедектер күніне орай 13 қазан күні арнайы кітапхана төрінде оқырман қауымға "Ақ таяқ" күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. 

Көңілді күймен сазды әуен сыйлаған шығармашылық топ: "Саулем-ай" және  "Радуга" ансамблі, дарынды балаларға арналған Музыкалық колледж-музыкалық мектеп интернатының студенттері, балалар музыкалық мектебінің тәрбиеленушілері мен Торайғыров университетінің "Орындаушылық өнер" кафедрасының студенттері болды.

Студенттердің орындауындағы "Бақыт туралы ой" көрінісі оқырманға ой салса, әні  тамаша бақытты сәтті сыйлады.