+7 (7182) 34-89-93

13 қазан күні «Қамқорлық» айлығы аясында облыстық арнайы кітапханада Халықаралық «Ақ Таяқ» күніне арналған әдеби-сазды концерт ұйымдастырылды.

Ақ таяқ күнінің мақсаты қоғамның назарын мүмкіндігі шектеулі жандарға аударып, жанашырлықты сездіріп, жақсылыққа жетелеу болып табылады.

Сол себепті жыл сайын ұйымдастырылатын концертке Иса Байзаков атындағы Павлодар облыстық фиалармониясының әншілері Р.Кабиев, С.Темирханова, Торайғыров Университетінің «Орындаушылық өнер кафедрасы» студенттері Р.Көшербаева және Д.Мухидин, Музыкалық колледж студенттері К.Еременко, Д.Тумамбаева Р.Амангельдинов, К.Мякота, Ш.Сейдахмет және зағип оқырман Л.Кызынгашева қатысты.

Зағип қолөнер шебері С.Нуриманова «Макраме» бұйымдарынан көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар атлмыш тақырыпта кітап көрмесі де табысталды.

Онлайн кім

Қазір 128 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр