Бүгін француз тифлопедагогы және көз жанарынан айырылғандарды оқытудың әдісін ойлап тапқан Валентин Гаюидың дүниеге келген күніне орай кітапханамызда «Ақ таяқ» күнін өткіздік. Көзі көрмейтіндер мен нашар көретін адамдарға әрекет ету үшін қосымша құралдардың ішінен ақ таяқты олардың тәуелсіздігінің туы ретінде есептеуге болады.
Алайда бұл пайдалы қозғалыс құралы зағип адамдардың өмір сүру ортасында физикалық тұрғыдағы кемшіліктер азайып немесе толығымен жойылған жағдайда тиімді болады. Сондықтан, эмоционалды-сезімдік мәселелермен қоса бұл адамдардың жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдай тудырып, оларға лайықты көмек көрсетуіміз керек. Сондықтан да бүгін арнайы кітапхана төрінде «Ақ таяқ» күні аталып өтті. Іс-шараға біздің тұрақты оқырмандарымыз келіп, өздеріне арналған концерттік бағдарламамызды көріп тамашалады. «Торайғыров университеті» Орындаушылық өнер кафедрасының стуенттері мен Зағип дарынды оқырмандар Ж.Садыкова, Л.Кызынгашева өз өнерлерін көрсетті. Павлодар өңірінің ақыны, «Радуга» хорының қатысушы В.Косович өз шығармашылығынан «Загляните в мир незрячих» атты өлеңін оқып берді.
Сонымен қатар кітап көрмесе ұйымдастырылып, онда Павлодар өңірінің зағип жандарының кітаптары қойылды.
Әлемдегі барлық зағип жандарды Халықаралық «Ақ таяқ» күнімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына бақыт, береке тілейміз!
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/a-taya-k-ni-4.html#sigProId2d1aae4c0b