+7 (7182) 34-89-93

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/11-11-2016
×

Внимание

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/11-11-2016

Ағымдағы жылдың 10 қараша күні Қ.Әбусейітов атындағы мәдениет ойын-сауық орталығында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана, мүгедектермен жұмыс жасау клубымен бірлесе, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Зағиптар әлеміне көз салайық» атты акция аясында, «Ақ таяқ» күніне арналған мерекелік концерті өтті.

Мерекелік іс-шараға Алматы қаласынан арнайы концерттік бағдарламамен зағип жандардан құралған «Өнер бұлағы» қоғамдық бірлестігінің «АРМАНДАСТАР» вокалды-аспаптық ансамбілі келіп өнерлерін паш етті.

Сондайы-ақ Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының оқушылары,«Сәулем-ай» халық ансамбілі, «Радуга» ансамбілі, жас оқырман Дайырханова Меруерт өз өнерлерін көрсетті.

Өздерінің жылы лебіздерін білдіруге Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы МанаспаеваТ.Қ., «Көмек-ПВ» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің өкілі қатысты.

Мерекелік іс-шарада облыстық арнайы кітапхананың басшысы Кенжебекова Ж.Қ., Облыстық қазақ соқырлар қоғамының төрағасы Бердиев А.О., қалалық қазақ соқырлар қоғамының төрағасы Леонтьева Е.В, Облыстық басқарма төралқасының мүшесі және спорткеңесінің төрағасы Амиров С.Т. басқару мүшесі Адамжанова Г.Т., демеушілерге, мәдениет және өнер саласының белсенділеріне, спортшыларғажәнет.б. алғыс хаттарын табыстады.

Осы айтулы іс-шара «Қазақстан-Павлодар», «Ирбис» телеарналарына түсіріліп және «Сарыарқа самалы» газетінің тілшілері сұхбат алды.

Көз мүгедектерінің қол өнерлері мен көз мүгедегі ақын жазушыларымыздың нүктелі-бедерлі шрифтімен басылған өлең жинақтарының «Саусақ ұшындағы әлем» атты көрмесі ұйымдастырылды.

{gallery}11-11-2016{/gallery}

Онлайн кім

Қазір 36 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр