Ақынның 130 жылдық мерейлі тойына орай, кітапхана төрінде 2023 жылдың 9 қараша күні әдеби-танымдық кеш өткізілді.
Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары көрермен ретінде шақырылып, соның ішінде белсенді оқырмандарымыз Балкен Құдышовна мен Альмаганбетова Нурбике ақынның бірер шумақ өлеңдерін мәнерлеп оқыса, керемет домбыра үнімен Дауытбаев Балабек әннен шашу шашты. Сондай-ақ С.Торайғыров жайында біз біле бермейтін тың ақпараттар мен бөліскен Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы бөлім меңгерушісі Жанболат Абайхан, Павел Васильев музей-үйінің қор сақтаушысы – Корешкова Татьяна Сергеевна және Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі Исакаева Майя Жолдасбековна болатын.
Халықтың жүрегін жарып шыққан романның бірі болған «Қамар сулу» романын дыбыстандырылған және нүктелі бедерлі қаріпінде қол жетімді форматта басып шығаруына байланысты, тұсау кесер салтанаты аталып өтілді. Романды дыбыстауға өз үлесін қосқан Қазақстан журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері, кенші, Мухамеджанов Рафаэль Шамильұлы кештің басты қонағы ретінде шақырылып, дәстүр бойынша кітап пен үнтасбаның тұсауында өзі кесті.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/a-yn-debiettanushy-o-am-ajratkeri-debi-tanymdy-kesh.html#sigProIdf865346930