2018 жылдың 28-ші наурызында облыстық арнайы кітапхана қызметкерлері №24 орта мектептің 7-ші сынып оқушыларына А.Байтұрсыновтың – 145 жылдығына арналған «Ақын, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері» атты әдеби сағатын өткізді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға.
Кітапханашы Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмір жолы туралы деректер берді және ақынның өлеңдерін оқыды, сонымен қатар кітап көрме ұйымдастырылды. Іс- Шара барысында «Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы» атты бейнебаяндар көрсетілді.
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.