Бүгін облыстық арнайы кітапханасында ақын, әнші және композитор Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына орай "Текті әулеттің тағдыры" атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға оқырмандар мен №24 мектептердің оқушылары қатысты. Кітапханашы қонақтарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы слайд – презентация көрсетумен қатар әңгіме жүргізді. Кітапханашының әңгімесінен оқырмандар Иманжүсіп Құтпанұлының өз шығармашылығында қазақтың ән-поэтикалық дәстүрлерін жалғастырушы болғанын білді. Иманжүсіп Құтпанұлының өмірі-халыққа жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі, нағыз гуманист пен патриоттың азаматы екенін танытты. Іс-шарада кітапханамыздың белсенді оқырмандары А.Амантаева мен Э. Амантай ақынның "Ерейментау" және "Сарымойын" атты танымал өлеңдерін оқыды. Іс-шара сонында "Қазақ халқының ұлы"атты ұйымдастырылған кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалуымен аяқталды.