«Ақ желкен» журналына биыл 95 жыл. Журналда тарихи, ғылым-танымдық, тәрбиелік мәні мол мақалалар, сондай-ақ талапкер жасөспірімдердің — мектеп оқушыларының өлең-жырлары, әңгіме, хикаяттары ұдайы жарияланады.
Журнал алғаш рет 1926 жылы «Лениншіл жас» газетінің беттерінде «Пионер» деген атпен жарық көрді. Журналдың тұңғыш редакторы Ерғали Алдоңғаров. Содан кейін журналды Саттар Ерубаев, Сақтаған Бәйішев, Әбілфайыз Ыдырысов, Сейдахмет Бердіқұлов, Фариза Оңғарсынова, Уәлихан Қалижанов, Сұлтан Қалиұлы сынды азаматтар басқарды. «Ақ желкен» журналының қазіргі бас редакторы – Балжан Мұратқызы.
Оқушылар мен студенттердің шығармашылық жұмыстарын (өлең, әңгіме, мақала, шығарма, эссе, сұқбаттар, қылқалам суреттері, т.б) журналдан оқи аласыздар. Қызықты және түрлі-түсті «Ақ желкен» журналы айына бір рет шығады.