+7 (7182) 34-89-93

4 сәуір күні Облыстық арнайы кітапханасы "Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны" тігін цехының қызметкерлері үшін "Абай" республикалық фольклорлық - этнографиялық әдеби-көркем журналының 105 жылдығына арналған "Абай журналының қалыптасу және даму тарихы" атты ақпарат сағатын өткізді. Цех қызметкерлері "Абай" журналының қалыптасу және даму тарихымен танысып өтті. Сондай-ақ, оқырмандар назарына "Абай" атты журналдары бойынша библиографиялық шолу жүргізілді.

"Абай" журналы 1918 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында қазіргі Семей қаласында жарық көрді. Бұл журнал ақын Абай Құнанбаевты еске алуға арналған. Бұл журналды шығарудың алғашқы бастамашылары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов болды. "Абай" журналында Алаш зиялыларының ағарту бағыты бойынша түрлі мақалалары жарияланды. Бірінші нөмір 900 дана тиражбен шықты. Журнал Абайдың әдеби мұрасы мен ұлттық мәдениетін насихаттайды. 1994 жылдан бастап республикалық мәртебе беріліп, Қазақстан көлемінде таратылды. Журнал жылына алты рет, тоқсан алты беттен тұрады.

Онлайн кім

Қазір 93 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр