Облыстық арнайы кітапхана төрінде дарабоз-батыр атанған Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейлі жасына орай «Қабанбай батыр- тарих және аңыз» атты медиа-сағаты өтті.
Медиа-сағатта М.Әлімбаев атындағы орта мектептің басшы орынбасары Бақытхан Оразбек мырза жетекшілік еткен 7-8-9 «А» сынып оқушылары қатысты. Бұл ақпараттық сағатта батырдың өмірі мен елі, жері үшін жаудан қорғаған дарабоз атанған Қабанбайдың ерлігі жайында ақпараттар берілді. Сонымен қатар батырдың 330 жылдық мерей тойына байланысты, облыстық арнайы кітапхана зағип жандарға арнап нүктелі-бедерлі қаріпте кітап пен М.Әлімбаев атындағы мектеп басшысының орынбасары Оразбек Бақытханның дауыстап оқуы мен үнтаспа басылып шықты. Іс-шара соңында Оразбек Бақытхан мен мектепке кітапхана атынан үнтаспа сыйға тартылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/abanbaj-batyr-tarikh-zh-ne-a-yz-atty-media-sa-aty.html#sigProId21e78145b9