+7 (7182) 34-89-93

«Қамқорлық» айлығы аясында Ақсу қаласынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында барлық қол жетімді тифло жабдықтары көрсетілді. «Балауса» жартылай стационар балалары бәріне қызыға қарады: әдемі коворкинг, грампластинка жазбалары бар ретро-бұрыш, «Жан Алау» дыбыс жазу студиясы, көз мүгедектеріне арнайы дойбы және шахмат, тифлотехника мұражайы.

«Нұрсәуле» кинотерапиясында «Қазақстан - алма мен қызғалдақтың Отаны» қысқа метражды фильмі, сонымен қатар тифлокомментариймен бірге «Адал достар» көркем фильмі көрсетілді.

Сондай-ақ, бүгін кітапханаға №41 орта мектеп оқушылары экскурсиямен келді. Кітапханадағы жазу студиясы және Брайль ғарпі мен компьютерлік сауаттылыққа үйрететін кабинеттері оқушылардың ерекше қызығушылығын танытты.

Онлайн кім

Қазір 4 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр