+7 (7182) 34-89-93

Көрнекті қоғам қайраткері, абайтанушы, ақын, жазушы, драматург, аудармашы әрі педагог Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай облыстық арнайы кітапханасы Павлодар облысының қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының оқырмандарына әдеби сағат өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар Қайым Мұхамедхановтың мол шығармашылық мұрасымен, оның қазақ әдебиетіне және мәдениеті мен руханиятының дамуына қосқан зор үлесімен танысты. Іс-шара соңында «Қайым мұрасы – ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.