+7 (7182) 34-89-93

Бүгінгі күн – нұрлы күн,

Жарық шашқан әлемге.

Ескеретін күн бүгін,

Ризашылық ғой әр елде, деп  2018 жылдың 1наурыз күні сағат 15.00-де кітапханада Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен» атты мерекелік концертімізді аштық.

Шарада өнер көрсеткен: № 24мектеп оқушылары, Иса Байзақов атындағы Филармонияның  солистері  Б.Жоламанов  және  А.Канатова, әнші Марат Максилов.

Бұрынғы оқырманымыз В.Ф. Ивановқа көзі нашар көретін азаматтарға арналған қазақ тілі курстарын өткізу жайлы ұсынысы үшін көптеген жылы сөздер айтылды. Оқу құралдары мен электронды оқулықтарды әзірлеуші , «АНА ТІЛІ»  ЖШС директоры Ш.Д.Кинжикова бұл ұсыныс бойынша  "Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!"  атты  әдістемелік құралды шығарып  оқырмандарға түсау кесерін өткізді.

Онлайн кім

Қазір 60 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр