Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.
27 наурыз күні облыстық арнайы кітапхананың музыкалық салонында
Шафер мұражайында сақталған А.Затаевичтың аудио жазбаларына саяхат жасалды.
Александр Затаевич - қазақ өнерінің зерттеушісі, этнограф, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,.
Музей директоры Сағындыкова А.Б. оқырмандарға қазақ музыкасының шыңында жарқын жарық қалдырған ұлы музыка зерттеушісінің жұмысы туралы қызықты және мәнді де сәнді ақпарат берді.