+7 (7182) 34-89-93

Бүгін  қазақ соқырлар қоғамының оқуөндірістік кәсіпорнының тігіншілер цехында зағип оқырмандарымызға  1937 жылғы  зұлмат жылдардағы Алжир – ең ірі әйелдер лагері және «ГУЛАГ» лагерінің тарихы туралы әңгіме сағаты жүргізілді. Сонау 1937 жылы ашылған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында Алжир атанып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 26-шы нүктесі болып құрылған осынау «тозақ» орталығында небір ел жайсаңдарының әйелдері, қыздары мен қарындастары жазықсыздан жазықсыз жапа шекті.  Аталған лагерьде 1937-1938 жылдардағы "халық жауы" атпен қудаланған зиялылар мен мемлекеттік, партиялық қызметте болған адамдардың жұбайлары ұсталынды.

Алжир лагерінде С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ж.Шанин, С.Қожанов, Т.Рысқұлов, Т.Жүргенов, С.Меңдешов, М.Тәтімов, Ж.Сәдуақасов, С.Есқараев, С.Асфендияров, Н.Нұрмақов, Н.Төреқұлов т.б көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды. Сонымен бірге Ресейдің барлық жерінен түрлі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің әйелдері де болды. Лагерьге келгендер өздерінің тектерінен, ұлттарынан, мансап пен мамандығынан айрылып, оларға бір ғана «халық жауының әйелдері» деген ортақ атау берілді.

Сол бір зобалаң заманда тағдырдың тауқыметін тартқан әйелдердің есімдері тарихта мәңгіге қалуы тиіс дегенді қолға ала, 2007 жылы 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алжир лагерінің бұрынғы орнына мемориал-музей ашылып, зұлмат заманның тарихы қазіргі қоғамға таныстырылуда. Музей Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Малиновка қазіргі Ақмол поселкесінде орналасқан.

Онлайн кім

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр