+7 (7182) 34-89-93

Облыстық арнайы кітапхана 2017 жылдың 29 мамыр күні Павлодар каласының мүгедектермен жұмыс жасау клубында «Қандай керемет жаз!» атты балалар таңертеңгілігін ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткізді. Осы күні 37 баланы Облыстық Қазақ соқырлар қоғамының төрағасы А.О.Бердиев құттықтады. Кішкентай оқырмандарға «Балауса бағым, шаттықпең, қуаныш ордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде сыйластыққа, қарапайымдылыққа, жақсылыққа және шыдамдылыққа үйрететін балалардың сүйікті ертегілері ұсынылды.

Таңертенгілік «Домовенок» клубының белсенді мүшелерінің қатысуымен концерттік бағдарламадан басталды. Мерекелік іс-шараға ертегі кейіпкерлері жалмауыз кемпір, қасқыр, ит және әтеш балапандарымен қонаққа келіп, көңілді сайыстар мен ойындар өткізіп, жұмбақтар жасырып балалармен бірге көңіл көтерді. Мерекелік шараның соңы асфальтқа сурет салу сайысымен аяқталды. Барлық балалар теңіз, күннін көзі, гүлдер, бейбітшілік пен достық туралы суреттерді салды. «ГОЛД ТРЕЙД  и К»  компаниясының бас директоры Ляпунов Валерий Николаевич демеушілік көрсеткен қаражатқа балаларға тәтті дастархан ұйымдастырып, сыйлықтар таратылды. Мерекелік бағдарлама балаларға көңілді көңіл-күй мен жаңа достарды сыйлады.

Онлайн кім

Қазір 147 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр