+7 (7182) 34-89-93

Ақ таяқ күніне арналған 13 қараша күні тұңғыш рет көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада «Қараңғылықтың табалдырығынан аттау» әлеуметтік акциясы өтті. ПМПУ және Б. Ахметов атындығы ППК студенттеріне, сондай - ақ барлық тілек білдірушілерге ерекше экспериментке қатысу-зағип адаммен орын ауыстыру ұсынылды. Қонақтар шын мәнінде қызықты сәттерді бастан өткізді, «бөлме-сынақ» ойын-экспериментіне, «Арқан жолы» көзімен байланған ойында және «тифлокомментаримен фильмді тап» викторинасына қатысты.

Кітапхана оқырмандары Нуриманова С., Шипулина Э., Қызынғашева Л., Төлеубаева А., «Радуга» және «Сәулем-ай» ансамбльдерімен қарым – қатынас арқылы студенттер өздеріне «Blind world-Зағип әлем» атты әлемді ашу арқылы бұл адамдардың қиындықтары мен проблемаларын түсінуге және адам мүмкіндіктері шексіз екенін түсінуге тырысты.

Кеш соңында Ақсу қаласының «Альтернатива» ҚМБ, «Каприз» Штор үйі, «Формула успеха» қосымша білім беру орталығы, ЖШС «ASSISTANT», «MelaNika» және «Pretty women» әйелдерге арналған киім бутиктары Халықаралық Ақ таяқ күні әуе шарларды аспанға ұшырды.

Онлайн кім

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр