Жаз мезгілі. Мектепте сабақтар аяқталып жазғы демалыс айы басталды. Бүгін 26 мектептің 1-2 сынып оқушылары біздің кітапханамызға жазғы экскурсияға келді.
Олар кітапхананың жұмысымен танысып, Брайльша кітаптарды саусақ ұштарымен сезіну арқылы көрді. Сонымен қатар алғашқы Брайль қәрпін ойлап тапқан Луй Брайльмен және қазақша Брайль қәріптерін ойлап тапқан өзіміздің жерлесіміз Ақан Қасымов жайлы қысқаша өмір баяндарымен таныс болды. Сонымен қатар көз мүгедек жандардың қолданылатын құрал-жабдықтарынмен танысты. Экскурсия балаларға өте қызықты, әрі әсерлі өтті.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/arnajy-kitapkhana-a-ekskursiya-zhasau.html#sigProId1ca98a7568