Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында кітапхана қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы ақпараттық нұсқаулық өткізілді.
Ақпараттық нұсқаулықты Павлодар қаласының ӨҚКК инженері, азаматтық қорғаныс лейтенанты Н.Қ.Мұқат жүргізді. Кітапхана қызметкерлері мекемеде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы әңгімелесіп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелерін қайталады.
Іс-шара соңында барлық қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жадынамасы мен мен төтенше жағдайларға жауапты мекеме телефондары таратылды.