Ескінің өзін, көненің көзін көрген асыл қарттарымыз қашан да біз үшін ортаймас қазына. «Қарты бар үй қазыналы үй, шын қазына – қарттардың асылдай сақтап келген әңгімелері мен олардың көрсеткен үлгі – өнегелері.
Үйіңде қартың болса, жыр – жауқар да, баға жетпес байлық та сол шаңырақта дей бер. Әсем жүздеріндегі әр әжімі – тарихтан сыр шертетін шерлі шежіре, әңгімелері – көненің күмбезіндей жыр – дастан, ал өздері – Сәкен ақын жырлағандай шыңда тұрған «сыр сандық». Ал осындай қазыналы қарттарымызды құрметтеу, олардан үлгі алу – ұрпақтарының міндеті. Қазан айының алғашқы күні – қарттар күніне орай біздің кітапханамызда қарттармен жүздесу, асылдай ақылдарын тыңдап, баталарын алу мақсатында, ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру мақсатында “Қарттарым – сарқылмас қазынам” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кітапхана басшысы атынан А.А. Қожаханова қарттарымызды өзінің жылы лебізімен құттықтап, әрі қарай С.Торайғыров университеті өнер факультетінің студенттері: Дана Жекенова «Науай» күйі, Полина Петрова Франческо Сартори "Con te partiro" әні, Адильхан Қайролла М.Магомаева реп. "Синяя вечность", Асель Кабидолла
Г.Оразымбетованың "Ана" әні, Дина Мухиден, Райхан Кошербаева
"Бақытты әйел", Замира Евлоева Нурмухамед Жакыптың "Мама" әнін орындап өз өнерлерін көрсетті. Кітапхана төрінде «Халықтың қартын сыйлауы - Елінің салтын сыйлауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/arttarym-sar-ylmas-azynam-atty-merekelik-kesh.html#sigProId2f6d9e6d19