Үлкендердің үні, бағыт-бағдары – бүгінгі қоғамға ауадай қажет. «Ақылды қария – ағып жатқан дария» дейді қазақ.
Шынында да қарттар – ағып жатқан дария іспетті. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қариялардың да білетіні соңдай терең. Олардың ақыл-парасатына кейінгі ұрпақ қашанда мұқтаж. Қазақ үлкенді сыйлауға, әсіресе, қарттарды құрметтеуге ежелден ерекше көңіл бөлген халық. Сол себепті арнайы кітапхана оқырмандарына «Қарттарым сарқылмас қазынам» атты жылсайынғы мерекелік концерті өткізілді.
Мерекеге қатысқандар: «Радуга» ансамблі жетекшісі Д.Козлов және «Сәулем-ай» ансамблі мен жеке әнші Б.Тлешова. Бетіне әжім түссе де, көңілдері қартаймаған данағөй оқырмандарымыз әнші қауымға ризашылықтарын білдірді
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/arttarym-sar-ylmas-azynam-merekelik-kontsert.html#sigProId4b2ee87fd7