+7 (7182) 34-89-93

Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 29 қыркүйек күні «Қарттарымыз –қазынамыз» деп аталатын музыкалық кешіміз аталып өтті.

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар мен ақжаулықты аналарымыздың құрметіне Фируза Ильясованың орындауында  «Аяулы ана» мен «Егіз лебіз» әндері шырқалды. Жанна Баженованың орындауында «Желаю, чтобы все были здоровы» әні залды дүр сілкіндірді.

Іс-шарамыздың көркін кіргізген қалалық ардагерлер  хорының жеке әншісі Бикеш Жунусовна  және Естай атындағы  жастармен жұмыс  орталығы Жанна Баженова мен Фируза Ильясова, Домовята театралдық шеберлігі, «Адель» заманауи би студиясының балақайлары оқырмандарымызға кереметтей көңіл күй сыйлады.

Онлайн кім

Қазір 87 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр