Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні сағат 10.00 ден 12.00 ге дейін және 15.00-ден 17.00 ге дейін Ашық есік күні атты іс шарасы өтті. Кітапхана басшысы Ж.Қ.Кенжебекова шараға келген оқырмандарды шақырылған мемлекеттік мекеме мен ұйымдар өкілдерімен таныстырды.
Бұл шараға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің, Павлодар облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің, Облыстық білім беру басқармасының, Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бөлімінің, Қазақстан коммунистік халық партиясының, облыстық қазақ соқырлар қоғамының өкілдері қатысты.
Зағип жандарға арналған Ашық есік күнінде өздерін толғандыратын маңызды сұрақтар қойылды. Көбінесе көше мен жаяу жүрушілер өткелінде еркін және қауіпсіз жол жүру, мүгедек ата-аналар үшін жеңілдіктер беру, орта арнайы және жоғары оқу орындарында мүгедектердің білім алуы, медицина саласындағы дәрі-дәрмектің бағасы жайлы, зағип жандарға берілетін тифлоқұралдардың берілу және т.б., сұрақтар қойылды. Мемлкекеттік мекеме мен ұйым өкілдері өздеріне кейбір сұрақтарды назарға алып, жеке жауап беруге сенім артты.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/ashy-esik-k-ni-2.html#sigProIdc7623cc7a1