+7 (7182) 34-89-93

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Облыстық арнайы кітапханасында  сағат 10.00 ден 12.00 ге дейін және 14.00-ден 16.00 ге дейін Ашық есік күні атты іс шарасы өтті. Кітапхана басшысы Ж.Қ.Кенжебекова шараға келген оқырмандарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, шақырылған мекеме өкілдерімен таныстырып өтті. Сөз кезегі қалалық қазақ соқырлар қоғамының  төрағасы Е.В.Леонтьеваға берілді.  Аталған мекеме төрағасы Алматы облысы Талдықорған қаласында өз өнерлерін көрсетіп, жүлдегер атанған зағип оқырмандарымыз: Адамжанова Гүлнар мен Дайырханова Меруертке алғыс хатын табыстады және осы оқырмандардың жол ақысына демеушілік көмек көрсеткен депутат В.П.Пряхин мен кітапхана қабырғасында іс-шараларды ұйымдастыруда әрдайым белсенділік көрсеткені үшін біздің Облыстық арнайы кітапхана басшысы Ж.Қ.Кенжебекова алғыс хатымен  марапатталды.

Бұл шараға Павлодар облысының еңбек комитеті, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Л.Е.Сартымбетова, Павлодар қаласының №4 емханасының бас дәрігерінің орынбасары Б.Ж.Тұрғанбаева және  әлеуметтік жұмыскері С.Б.Джапарова, Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы А.О.Мұхамедкалиева, мүгедектермен жұмыс жасау және мемлекеттік емес ұйымдар секторы бөлімнің меңгерушісі Ж.Б.Қасымов, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектермен  және ардагерлермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Т.Қ.Манаспаева, №1 қалалық емхананың терапия бөлімінің меңгерушісі Д.В.Литвинова қатысты. Көзі көрмейтін зағип жандарға арналған Ашық есік күніне 80-нен астам зағип жандар қатысып, өздерін толғандыратын сұрақтарды қойды. Көбінесе медицинаға, мүгедектікке, әлеуметтік көмекке қатысты сұрақтар қойылды.

Онлайн кім

Қазір 125 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр