+7 (7182) 34-89-93

1961 жылы 12 сәуірде Кеңес ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин «Восток-1» ғарыш кемесімен әлемде алғаш рет Жер планетасын айналып орбиталық ұшу жасады. Содан бері 12 сәуір Кеңес Одағында (кейін Қазақстанда) мереке – Ғарышкерлер күні ретінде тойланады. 2011 жылы 7 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясының кезектен тыс пленарлық сессиясында 12 сәуірді Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні деп ресми түрде жариялаған қарар қабылданды. Бұл ерекше күн – ғылымның және бүгінгі ғарыш саласында жұмыс істейтіндердің салтанат құрған күні.

12 сәуір 2022 жыл облыстық арнайы кітапханада ғарышкерлер күніне арналған «Аспандағы жұлдыздарға» атты әңгіме сағаты өтті. М.Әлімбаев атындағы мектептің 5-сынып оқушылары тұңғыш кеңестік ғарышкер Ю.Гагарин мен қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров туралы бейнероликтер көрсетіліп, ғарышта болған жануарлардың фотосуреттері көрсетілді. Балаларға жалпы дүниетаным үшін Күн жүйесі туралы сұрақтар қойылып, олар тапқырлықпен жауап берді. Шара соңында кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды.

Онлайн кім

Қазір 53 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр