+7 (7182) 34-89-93

Жыл сайынғы «Мың бала» - республикалық мәдени ағарту жобасы бойынша ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде сағат 11:00де Павлодар облысында барлық кітапханаларда және оқу орындарында, бір мезгілде, қазақ тілінде синхронды түрде Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – бейбітшлік бесігі» атты жалпықазақстандық Ашық диктантын өткізу талабы негізінде, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасына да жүктеліп, өткізілді.

Мемлекеттік тілді білу деген мақсатты ұстана диктантқа мәдениет саласында істейтін 40 адам белсенді қатысты. Брайль жүйесімен жазған екі студент көз мүгедек оқырмандарымыз.

Тексеру комиссиясының төрағалығын жазушы, аудармашы Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, Лебяжі ауданының Құрметті Азаматы, Сатыбалдин Серік Қинаятұлы атқарды.

Ерекше атап өтетін еш қатесі жоқ жұмыс, Ашық диктантқа қатысушылар арасынан мемелекеттік тілді жетік біле, білім деңгейінің шыңына шыққан, тыныс белгілерімен стильдік жағынан ең сауатты және сапалы жазылған диктант иегері, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасының кадр инспекторы Игсатова К.Б. –женімпаз аталды.

21 09 2018 121 09 2018 2

Онлайн кім

Қазір 43 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр