Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне зор үлесін қосқан жазушы, Ұлы отан соғысының қатысушысы Камен Оразалиннің 100-жылдығына арналған «Ғасырдан озған жылдар» тарихи жазбасы 24 маусым күні облыстық арнайы кітапхананың әлеуметтік желісіндегі парақшасында орналастырды. Тарихи жазба барысында К.Оразалиннің туған өлкесі, атқарған қызметі мен жасаған еңбектері жайлы баяндалды. «Жексен» (1950),«Ақжазық (1959),«Көктем салқыны» (1961) повестер мен романдардың авторы.
Ең танымал роман - К.Оразалиннің «Абайдан соң» трилогиясы, ол М.О.Әуезовтің тұлғасы туралы баяндайды.