+7 (7182) 34-89-93

 Бүгін , яғни 10- шы  ақпан  күні облыстық арнайы кітапханада  Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай  жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауған қасіреті» атты еске алу  сағаты  өткізілді.

1979-1989 жылдары аралығында 10 жылға созылған соғыс жайлы  көздеріне  жас ала, осы күні бүгінгі шара қонақтары Ауған соғысының ардагерлері: Бердиев А.О, Бисмильдиев А.К, Курильчик  П.П, Захарчук А.И, Жумабаев С.С. еске алды. Жас буын ұрпақтарымыздың патриоттық  сезімдерін оята, Отан сүйгіштік қасиеттерін дамыта, елін, жерін құрметтеуге, тағзым ете №24 мектептің 8 кадет сынып  оқушылары іс-шарамызға шақырылды.

 Іс- шара  1 минуттік үнсіздікпен ашылды.   Бұл соғыс сұрапыл зобалаң қаншама тағдырды жалмады. Ауған соғысы Кеңес Одағына ешқандай абырой, даңқ әкелген жоқ. Қонақтардың назарына «Ауған соғысы 1979-1989»  жыл атты  бейнетаспасы көрсетіліп, атаулы іс-шараға «Ауған қасіреті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды  және Ауған соғысының ардагері Александр Казаковтың  өзі жазған  «Високосный год»  атты төртінші өлең жинағында жазылған «20 лет спустя» атты өлеңі оқылды.