Бүгінгі Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу кеші өтті. Бұл кездесіуге К. М. Амиров, О. А. Бердиев, П. П. Курильчик, О. Т. Темиров, Д. А. Байтеев қатысып, сөз сөйледі.
Олар кеш қатысушыларымен өздерінің Ауған соғысында бастарынан өткізген оқиғаларымен бөлісті. Ауған соғысының ардагері К. М. Амиров «Ордена не продаются», «От героев былых времен» әндерін орындады. Сондай-ақ кеш қонақтары Б.А.Багдатова «Очаровательный глазки», «Махаббат кімге керексің» әндерін орындап, кітапхананың белсенді оқырманы Аккузина Бақжамал өзі шығарған «Аман келген әкелер» атты өлеңін оқып, Ауған соғысына қатысып келген ардагерлерге өз лебізін білдірді. Кешке кітапхананың белсенді оқырмандары мен №24 мектептің 9 «З» сынып оқушылары қатысты.
Кеш соңында «15 ақпан Ауғаныстаннан әскерлердің шығарылған күні» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/au-anny-asuynda-ot-keshkender-ardagerlermen-kezdesu-keshi.html#sigProId673a9a46f8