Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына орай 20 ақпанда облыстық арнайы кітапханада ауған соғысы ардагерлерімен «Ауғанның жалынды жолдары» атты кездесу өтті. Кездесу кешінің қонақтары ретінде ауған соғысының ардагерлері: К.Амиров, А.Бердиев, Ю.Оганесян, М.Супахунов қатысты.
Ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, оқырмандар мен оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жастардың патриоттық сезімдерін оятуда ардагерлердің ерліктері әсер етті. Амиров Кенжебайдың орындауындағы ән баршаның жүректерін елжіретті.
«Афганская война – живая память» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, сонымен қатар, Павлодар облысынан соғысқа аттанып оралмаған азаматтарымыздың суреттерімен көркемделді.
«Афганистан 30 лет без войны» деректі фильмі ұсынылды.
24 мектеп оқушыларының орындауында «Не отнимайте солнце у детей!», «Қазақ елі», «Мен қазақпын», «Мы вместе» әндері кешіміздің сәні болды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/au-anny-zhalyndy-zholdary-kezdesu.html#sigProId20575eb741